Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Тараудың санаты
Әсет әндері бейне жазбалары [0]
Әсет "Алтыным" әнін кімге арнап жазған? [0]
Мои файлы [2]
Сайт авторлары [2]
Әсет жайлы мақалалар [0]
Бейнежазба Сол бір кеш [0]
Бейнежазба 2 бөлім [0]
Ән серісі -Әсет [0]
Бүгін Әсет Бейсеуовтің -75 жылдығы [0]
Әсеттің әсем әндері [0]
Әншілер Әсет жайлы сыр шертеді [0]
Сайтқа кіру
Іздеу
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 4:05 PM
    Главная » Файлы » Мои файлы

    Ән серісі-Әсет
    02.21.2015, 4:22 AM

    ӘН СЕРІСІ – ӘСЕТ

       Халқымыз достықты ерекше құрметтеген. Дос парызы өте жауапкершілікті талап еткендіктен ертедегі ата-бабаларымыз ХХ ғасырдағы қазақтар секілді бір көре салып: «Дос­пыз!» дей салмаған. Ұзақ уақыт түсінісіп, ақбоз жылқысын, ақсарбас қойын құрбандыққа шалып, достығын жалпақ елге жариялапты. Ал, біз ХХ ғасырдың жігіттері, ХХІ ғасырдың қарттары заманымызға қарай тағдыр тауқыметі табыстырғандармен, таныстырғандармен дос болдық. Бір көріп-ақ «Доспыз!»деп кеуде қағып шыға келдік. Ондай дос Әсетте көп-ақ... Кәдімгі халық құрметтеген сазгер Әсет Бейсеуов.

    Егер шындыққа жүгінсек, мың күндік татулығын жеке басының пайдасына бола бір минут өтпей сатып жіберетін достар да бар.

     

    Досан Жанбота,

    жазушы

     

    Атақ-абыройы артқан шақта, қарны тойған кезде шенді, шекпенділерді жағалап тұмсығын көтеретін арзан достар тіптен көп-ақ. Ертеде өткен ер қазақтар секілді дос болдық деп қол алысып, серт ұстасқан адал достықты мына сайқал заманда менің заман­дас­тарымның мыңнан бірі ғана қанжығасына бай­лан­ған шығар. (Артық айтсам, кешірім сұраймын!). Біз, ХХІ ғасырдың қарттары, әңгіме басында жаздым ғой, жастық шақта дос болсақ, тар кезеңде бір жа­пы­рақ нанды, бір қасық қара суды тең бөліскен­дер­мен достастық.

    Сол өміріміздің куәлігі шығар, Әсет пен Нұрғали Нүсіп­жанов үшеуміздің жарты ғасыр бойы жұбымыз жазылмады десем де болады. Әсет пен Нұрғали Құдай берген өнерлерінің арқасында өмірдің көркі бола білді. Көрсек те, көрмесек те жан дүниеміз бірдей сезінемін. Менің қателік жіберуім мүмкін, ал Әсет пен Нұрғали қашан да сол мөп-мөлдір қалпында. Бұл күнде Әсет арамызда жоқ. Сағынып еске алғанда сол бір еш кісімшілігі, кірпияздығы жоқ, өткен өмірі­міз маржандай тізіліп көзімнің алдына келеді.

    ...О, бір жылдың көктемінде Әсет пен Нұрғали Ақжайыққа барып, шығармашылық кездесулер өткізді. Алматыға келісімен Әсет телефон шалып сәлемдесті де жөн сұрауға мұрсат бермей: «Сөзді қой,таксиге мін де тез жет. Бұл жолы елдің сый-құр­меті ерекше болды. Келген соң айтамын. Ең бас­тысы, Нұрғали екеуміз, нағыз дос таптық. Біздің дос сенің досың, сенің досың менің досым. Дәл сен се­кілді саржалпақ. Біреу «Қазақ кім?» деп сұраса, мынау деп көрсететін азамат. Хадиды ерт те таксиге мініп, тез жет (Менің өмірсерігім Хадиша Әділханқызын осылай атайтын). Әкелген сарқытым бар, Зәмзура, міне, дастархан даярлауға кірісті. Тез-тез! Жарты айдан бері кездескеміз жоқ. «Айтылатын әңгіме көп», – деп дігерлеген соң «бұйрығын» орындадық.

    Гоголь көшесі мен Бұзурбаев көшесінің қиылы­сындағы Әсеттің үйі мен әл-Фараби мен Шаш­кин­нің арасы жап-жақын екен. Күттірмей жеттік. Қоңырау қақтық. Сыртқа сыңғырлап естіліп тұрған күйсан­дық­тың үні сап тиылып, есікті Әсет ашты.

    Қалың қара шашы бұйралана бұрқырап, дөңгелек қоңыр жүзі терге малшынып кеткен. Қысыңқы қара көзі қыздарға қараған кезде шоқша жайнаушы еді, күлгенде көрінбейді екен. Орта бойлы Әсеттің кең кеудесі көріктей желпілдеп құшақтап еді, малшынған тер көйлегіме сағыздай жабысты. Екі иығымнан қапсыра ұстап:

    – Әй, Досгүл (бұл менің Әсет қойған қосалқы атым) керемет ән шықты. Керемет! Хади Зәкеңмен әңгімелессін. Жүрші-жүрші! Тыңдашы! – деп күй­сандық тұрған бөлмеге кіргізіп, күйсандықтың ал­дындағы орындығына отыра беріп, шалқалап нота дәптеріне қарап: «Жайықтан қайтқан тырналар» әнін ойнай жөнелді.

    Оның алақаны батырлардың алақанындай жал­пақ, саусақтары жуан болғанымен, күйсандықтың тілінің үстінде жүгіргенде қимылына көз ілеспейтін. Жұмыр жауырыны буырқана қозғалғанда бүкіл бұлшық еттері дірілдеп ән әуезіне айналып кетті. Дәл сол сәтте Әсеттің бұл жаңа әні кең байтақ қазақ елі­нің ашық аспанында қалықтап тұрғандай әсер­лен­дім. Ақын Мұхтар Шахановтың өлеңімен әуез үндесіп кетіпті.

    ХХ ғасырдың 60-шы жылынан кейін өмірге келген халқымыздың барлық өнерінде ерекше бір өрлеу болды. Солардың ең негізгісі, қашан да рухымызға күш-қуат беретін көңіл-күйіміздің көркі – ән-күй де­сек, есімізге ең алдымен, Нұрғиса Тілендиев, Әбла­хат Есбаев, Бекен Жамақаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Ілия Жақанов, Базарбаевтардың есімі түсіп, олар өмірге әкелген ту­ған жердің, елдің жүрегінің лүпіліндей нәзік те, маңыз­ды, мазмұнды әндерін еске аламыз.

    Жеке өз пікірімде, бұлар ғасырдан ғасырға сапар шегетін халқымыздың нағыз сүйікті саңлақ сазгер­лері, сарбаздары. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Оны ғалымдарымыз зерттей жатар. Менікі – орайы келгенде айтылған ой.

    Бір анық ақиқат – бұлардың Қорқыт бабамыздан бастап Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Тәттімбеттей ән-күй шығарған ардақ­тыларымыздан артықшылығы – кемелденген дәуірде өмір сүріп, ән-күйлерін хатқа түсіріп, барша халықтың ортасына жеткізгені. Бұрынғы сазгерлердің ән-күй­лері бірден бірге жалғасып, қазақша айтқанда, тың­дар­мандарына, айлап, жылдап жол жүріп жеткен ғой. Әсеттің, Әсеттің замандастарының бақыттылығы сол– жан дүниемізді тебіренткен әндері бүгін дүниеге келсе, ертең бәріміздің қазынамызға айналды. Сол жолы досым Ақжайықтан дәл сондай ғажайып әнмен оралды.

    Назды да, ойлы әсем ән аяқталды. Әсет иығына салып отырған ақ орамалымен маңдайынан шып-шып шығып, моншақтай төгілген терін сүрткенде, халықтың «Өлең айтсаң да, жаныңды жеп айтасың» деген нақылына еріксіз тоқтайды екенсің. Екеуміз де үнсіз бір дем отырып қалыппыз.

    – Немене, екеуің әдемі қыздардың бәріне күнде ғашық болып жүрсеңдер де, өмірі ғашық болмағандай мұңайып отырсыңдар ғой, бейшаралар-ай, – деген Зәмзураның күлкі аралас ашық-жарқын әзіліне жалт қарадық. Хадиша екеуі жайраңдап босағаға сүйеніп тұр екен. Марқұм Зәмзура әзілкеш еді ғой.

    – Одан да осындай жақсы әнді жуалық. Келіңдер, бәрі даяр, – дегенде, Әсет мырс-мырс күліп орнынан көтеріле бере:

    – Міне, біздің Зәкең жақсы адам ғой, – деп күй­сандығын жапты.

    «Әсеттің барлық әнін елден бұрын мен, сонан кейін Нұрғали еститін», – деп бұрын да мақтанып жазғанмын. Ол рас. Сонда құшақтап: «Ал, кәне, жуалықты!» желпілдеп бәрінен бұрын мен айтатын едім. Бұл жолы да «Жайықтан қайтқан тырналар» деген әнді елден бұрын тыңдадым, неге екенін, жанымды тербеткен жақсы әніне іштей қуансам да сол сәтте сыртқа шығарып құттықтамадым.

    Әдеттегідей асқа толы дастархан басында отырып, «Жайықтан қайтқан тырналарды» атап өттік.

    Әсет Орал облысы, Жаңақала ауданынан тапқан болашақ досымыз Әділқазы Нұрғалиовтың үй-ішінің суретін әкеліп алдымызға жайып салып, Әділқазының өмірсерігі Марфуғамен, қызы Гүлмирамен, ұлы Жігермен таныстырды. Ол кезде кенжесі – Санжары дүниеге әлі келмеген еді. Ақжайықтың, ұзатылған қыздары аңсаған «Бал татыған балығы мен уылжыған уылдырығынан дәм таттық. Осы отырыста «Әділ­қазылар келсе Алатаудың табиғатын тамашалатып, баурайын жақсылап аралатамыз», – деп ұйғарым жасадық. Бәріміз құп алып, қуана келістік.

    Ол кезде ертең не киіп, не ішеміз демейтін едік. Дүниенің бар-жоғына қарамайтын едік. Жастығымыз мәңгі басымызда тұратындай, уақытты есептемей­тінбіз. Жазиралы жазымыз енді ойласақ тез өтіпті. Әттең шіркін, сол бір жаз өмірдің, наз өмірдің тез өткені-ай!..

    Алматы қаласының дүркіреген жазғы керуен көші, қиқулаған қызық өмірі Әсет екеуміздің көңілі­мізді шалқытып қоңыр күздің келгенін, иә, қоңыр күздің келгенін байқамаппыз.

    Шыңдарын мәңгі ақ қар ораған кәрі Алатаудың құшағында жатқан бозторғайдың жұмыртқасындай – Алматының жайқалған бау-бақшасын жылдың төрт мезгілі төрт түрлі бояуымен қалай бояйтынын талай-талай тамашаладық. Сол бір күндер әр кезде есіме түскенде, жан досым Әсеттің жарқын бейнесі көз алдымда тұрады...

    Бірде түс ауа Әсет үйге келді. Ол келген сайын Ерменді сайдың жотасына шығатын едік.

    Әдеттегідей әл-Фараби даңғылынан жоғарғы Есентай өзенінің жағасында жаңадан бой көтерген көп қабатты үйден немерем Дидарды ертіп тауға беттедік. Ол кезде Есентай өзенінің жағасы қалың алма бағы болатын. Көктемде аппақ гүл төгетін. Күзде әрқайсысы кило тартатын алқызыл алмадан моншақ тағынар еді. Қазіргі шаңғышылардың биік секіргіші «Транплині» орналасқан төбенің күнбатыс қапталы мұсылмандар зираты. Алақандай темірге, не ағашқа аты-жөні жазылғаны болмаса, төмпе­шіктер Жер-ананың құшағынан әрең көрінетін.

    Біз алмабақты аралай өтіп, сол зираттарға мінә­жат жасап, қазіргі «Көктем» шипажайы орналасқан бұрынғы «Ермендісай»-ды өрлеп, жайын балықтың жонындай жалпақ қырға шықтық.

    Әсет қарсы алдындағы тұп-тұнық ауада қолын созса жететіндей көрінетін Алатауға шалқалай қарап, құшағын жайып жіберіп:

    Өмірдің шырынын-ай,

    өмірдің сұлуын-ай.

    Жапырақтың жасылын-ай,

    Бұлақтың тұнығын-ай.

    Кеш көрген жақұтым-ай,

    Кеш көрген бақытым-ай.

    Жанбаған жастығым-ай,

    Ып-ыстық уақытым-ай!

    Таулардың биігін-ай,

    Шыршалар жиынын-ай.

    Рахмет нұрындай боп,

    Шуағын құюын-ай, –

    деп, аяулы замандасымыз, талантты ақын Жүсіп Қыдыровтың өлеңіне шығарған жаңа шығарған әнін шырқағанда Алатау тебіреніп тұрғандай еді.

    Осы бір мына нұрлы, жарық дүниеге құштарлық­тың, әлде сағыныш, әлде өкініштің гимніндей әнді, құрметті оқырмандарым радиодан немесе теледидардан әншілердің орындауында сендер де естідіңдер. Сол сәтте қандай әсерде болғандарыңды білмеймін, ал оны Әсеттің орындауында тыңдасаң ғой, иә, тыңдасаң ғой, сен де дәл мендей толқыр едің.

    Ән аяқталды.

    Қашан да бір селкеу тауып сөйлеп қалу әдетіміз ғой: «Әй, – Шуағын емес, Жүсіптің өлеңінде: «Жаң­быр­­дың құюын-ай ғой», – деп қалдым.

    Өйткені, бұл шығармасын ақын Жүсіп Қыдыров осы өлеңді арнаған кейінгі қосағымен, құрметті ақын ағатайымыз Әнуарбек Дүйсенбиев жеңгеймен, Әсет Бейсеуов Зәмзурасымен, Сәкен Обаев Райханымен, Стахан Белқожаев Назгүлімен «Орбитадағы» менің үйімде құрметті қонағым болып отырғанда оқыған. Жүсіп керемет домбырашы еді ғой, сол жолы өзі шығарған күйлерін де достарына сыйлаған.

    (Қазір соны естіген, қызықты-қуанышты күндері­мізге куә болғандардың көбі өмірдің «қайтып келмес кемесіне мініп», алыстап кетті де, Жүсіп ақын осындай жүрекжарды өлең-жыр арнаған сол аяулы қосағы, Стахан Белқожаев Назгүлімен, Сәкен Обаев Райханымен аман-есен жүрміз).

    Ол менің түзетуіме көңіл бөлмей, бес жасар Дидарды бауырына тартып, жымиды. Балажанды еді ғой.

    Әсет қандай көңілденсе де, тегі, көбіміз секілді қарқылдап күлмейтін, маңдайына төгілген қою қара шашын сол қолымен көтеріп, жымың-жымың қағып, мырс-мырс етер еді. Сол кезде танауы делдиіп, дөңгелек дүрдік ерні ашылып, ұсақ, күріштің дәніндей әппақ тістері анық көрінетін. Солай Дидарға жадырай қарап: «Жүкеңнің рухы кешірсін, маған Алатау шуағын шашқандай болып көрінді», – деген-ді.

    ...Ақжайықтан әкелген әсем әннен кейін де талай Әсеттің жаңа шығармасын тыңдап, көңіл көлімізден аққу ұшып, қаз қоныпты. Өмір дегенді қой­саңшы, өкпеміз жоқ. Ақжайықтан келген достары­мызға Алатаудың әсем табиғатын аралатып көрсеттік. Арманымыз көп еді. Біз асықпағанмен, уақыт асығыс екен. Ол тоқтамапты. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті.

    Ал мен Әсетпен кеше ғана бірге жүргендеймін. 1950-жылы Мұқатай Жылқайдаров екеуміз Кегеннен, Әсет Қарғалы мақта-мата комбинатынан келіп – үшеуміз алғаш рет Алматыда №12 мектептің алдында кездескенде осынша бірге жүріп, періште пейіл достар тауып, Алматының тұрғыны боламыз деп ойламап едік.

    Бірақ арманымыз көп еді. Мүмкіндігіміздің жет­ке­нінше орындадық. Сондағы қара домалақ Әсет бала Республикалық Жастар одағы сыйлығының ие­гері, халық артисі, атақты композитор, қазақ халқы­ның маңдайалды мақтаны болды. Әу дейтін қазақ бі­летін 500 ән жазып, екі томдық кітабы жарық көр­ген, театр, киноға тамаша туындылар шығарған композитор қазақта көп емес, әлемде некен-саяқ. Сол некен-саяқтың бірі, әрі бірегейі композитор – Әсет Бейсеуов.

    Әсет айтып бітпес, қайтып келмес сапарға аттанардан бір күн бұрын марқұм өмірсерігі Зәмзураның дүниеден өткен қырық күндігін «Жұлдыз» ресторанында беріп, Құран оқытуға Нұрғали бастатқан бір топ достары үйіне келдік. Кеше ғана жайнап тұрған үй Зәмзурасыз құлазыған үңгір секілді көрінеді. Бұрын есік ашылған соң: «Тамақ даярла. Әсет екеуміз ком­мунизм орнатқалы жүргеміз жоқ. Екі ТТ-ы үшін өмір сүріп жүрміз»,–деп, табалдырығын аттар едім. Сонда марқұм Зәмзура: «Өліп жатсам тамақ жаса деп сүйреп тұрғызарсың», – деп әзілдер еді, сол сөзі есіме түсіп, көзіме жас алдым (Менің достарымның қан­дай екенін айтпай-ақ қояйын. Ал әйелдерінің бәрі жақсы).

    Елім, жерім, ағайын-туысым, достарым дегенде жан дүниесі елжірейтін Әсеттің кеудесін кернеген мейірімге толы бауырының жартысы осыдан жиырма жыл бұрын тас болып қатқанын мен жақсы білемін. Бүкіл қанның алақандай сау бауырмен айналып тұрғанын рентгеннен талай көргемін. Сол ескі дертіне Зәмзура тірі кезінде дер уағында дәрі-дәрмек беріп күтетін-ді. Ол кеткеннен бері кім қарайды дейсің, ас­қына түскен секілді. Бірақ уыстап ішкен «Ношпаның» күшімен жүргені де белгілі. Түнгі 11-30-да Нұрғалилар қайтты. Біз Хадиша екеуміз де жолға даярланып едік: «Сендер сәл тоқтаңдар. Ақылдасатын бір шаруа бар», – деген соң: «Ертең кең отырып ақылдасалық. Бүгін тынық, демал», – деп едім, Ол: «Жоқ, бүгін сөйлесуіміз керек», – деді. Қайта жайғастық. Ел түгел кетті. Төргі үйде өзінің ортаншы баласы Данияр төртеуміз қалдық. Өткенде бүкіл үйінің құжатын: «Тығып қой. Жоғалып кетер», – деп маған берген. Соны қайыруға ыңғайланып едім: «Оны қозғама. Кейін Даниярға бересің, – деп үшеумізге бажайлай қарап, – Енді мен не істеймін?», – деді. «Не істейсің, бағылмай жатқан төрт түлік малың жоқ, орылмай жатқан егінің жоқ. Демал. Дәрігерге жатып емдел. Сонан соң қыздарға барамыз», – деп әзілге тіреп едім.

    – Міне, осының дұрыс. Әй, білесің-ау, білесің, – деп мырс-мырс күлді. Сонан соң Даниярға «Баржоми» алдырып, бокалға құйды да:

    – Дұрыс айтасың. Үйленуім керек. Көріп отырсың ғой, бәрі кетті. Нұрланның өз отбасы бар (Зәмзураның ұлы). Бизнестен қолы тимейді. Қыздың байы, баласы бар. Менің ұлдарым әйелімен әлек. Үйленемін!

    – Үйленгенің жақсы. Жас келіншектің жанында сыпайыланып біз де жасаңғырап қалайық.

    – Ой, шіркін, саған сол жетіспей тұр еді, – деп, менің өмірсерігім іліп-қақты.

    – Ойлан, бұл жолы тамада болсам, «Мерседес» мінгізесің. Зәмзурамен екі рет қосылғаныңмен есептесем, жеті рет тамадалық міндет атқардым, – деп әзіл болса да шындықты қыстырдым. Ол күлді.

    – Бұл жолы мінесің!

    Шындығына келгенде Әсет ең алғашқы қосағы – үш ұлының анасы Зоя марқұммен ғана некеге отырды. Сонда ақын Әнуар Дүйсенбиев ағаның бас­шылығымен тамада болғанмын, онымен отасып тұра алмады. Содан бергі азаматтық келісіммен кереге керіп, шаңырақ көтерген Нағима, Сәуле, Дариға, Алма, Зәмзураны қосқанда бес төмен етектімен дәм-тұзы жарасты. Солардың бәрінің асабасы болғаным рас...

    Иә, естен кетпес қайран күндер-ай!..

    http://www.writers.kz/journals/?ID=10&NUM=241&CURENT=73 сайтынан алынды

    Категория: Мои файлы | Добавил: Nagimah
    Просмотров: 760 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz