Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Тараудың санаты
Мои статьи [17]
Сайтқа кіру
Іздеу
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 7:32 PM
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Әсет жайлы мақалалар

    МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ҮРКЕР ЖҰЛДЫЗЫ

                                   

         Қазақ халқының өмірде ән мен күйдің алатын орны ерекше. Олар ұлтымыздың жансерігі, рухани тірегі. Асқаралы асқақ тау, сарқыраған асау арна, жайқалған ағаштары бар қасетті Қарғалы жерінен рухани тіректің табылмауы мүмкін емес. Осындай керемет өңірде өмірге келген дара тұлға, музыка өнерінің үркер жұлдызы- ӘСЕТ БЕЙСЕУОВ. Әсет Бейсеуов Қарғалы жерінде 1938 жылы 13 қазанда дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Әлімқұл. Әсет жастайынан әнге құмар болып өскен.Әкесі Көпбай Әсетті өнер адамдарымен кездескенде ылғи алып жүрген. Әсеттен бірдеңенің шығарын сезген ақтық ақын Жамбыл бабамыз да оны тізесіне отырғызып, аузына түкірген екен. Сол Әсет Қарғалы мектебінде оқып білім алып, алғашқы әнін 9-шы сыныпта оқып жүргенде жазған. Біртоға, қақаң-сұқаңы жоқ Әсет кішкентайынан салмақты, томаға тұйық, көп сөзге саяқ бала болып өсті.Ән орындағанда көздері жайнап, бесті асудай бұла тұлғасы өнерге құлшынып тұратын жан еді. Сан-сапалы тақырыптарды қамтитын Әсет шығармашылығы негізінен туған жерді жырлауға , өмір салтын марапаттауға, ел алдындағы азаматтық борыш пен халық рухын дәріптейтін отаншылдық ұлттық пафосқа толы.Әсет әндері орындаушысын да ізгілікке, адалдыққа жетелейді. Оның әндері Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Бағдат Самединова сынды Қазақтың атақты әншілеріде, шеберіде жиі орындайды. «Айтушысы табылса ,ән құлпырып кетеді екен ғой»-деп, Әсет ағаның өзі айтқандай Әсет Бейсеуовтың әндері бүгінгі таңда қайта жаңғырып қолға алынып келеді. Әсеттің есімін есте қалдыру жолында шығарылған «Әсеттің 500 әні» жинағы атап айтарлықтай. 1996 жылы Әсет Бейсеуов өмірден озды. Бұл кезең оның үлкен қайғы үстінде жүрген кезі еді. Жұбайы Зәмзура қайтыс болғаннан кейін 40-ы өткен соң Әсет те аттанды.1999 жылы Әсет Бейсеуов есімі мектебімізге берілгенде төбеміз көкке жеткендей қуанғандық.Әсет Бейсеуов есімі сақталсын, әні жүректе жатталсын деп жыл сайын 13 қазанда туылған күнін атап өтеміз. Мектебімізде мұражайы бар. Биыл сол Әсет ағаға 70 жыл толды. 

    Категория: Мои статьи | Добавил: Nagimah (02.16.2015)
    Просмотров: 956 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz