Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Тараудың санаты
Мои статьи [17]
Сайтқа кіру
Іздеу
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 7:14 PM
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Әсеттің әсем әндері

    Орындаушылардың І республикалық “Армандастар” ән байқауынан кейінгі ой

    Қазақ ән өнерінің деңгейін жаңа сатыға көтеріп, елін, оның ақжар­қын адамдарын шексіз сүйіп әнге қосқан көрнекті сазгер Әсет Бей­сеуовтің өмірден озғанына да биыл он жылдан асып барады екен. Өткен аптада Жайықтың жағасында дүркі­реп өткен Әсет Бейсеуов әндерін орындаушылардың І республикалық “Армандастар” ән байқауы осындай мерзіммен тұспа-тұс келді.

    Білім және ғылым,  Мәдениет және ақпарат министрліктерінің келісіміне сай Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің ректоры Тұяқбай Рыс­беков бас болып осы білім ордасы ұйымдастырған бұл шара өзінің көздеген мақсатына жетті деуге то­лық негіз бар. Аталмыш байқауға рес­публика жоғары оқу орында­рында оқитын өнерлі студенттер мен 30 жасқа дейінгі орындаушы әнші­лер қатысты. Сөйтіп, мұнда респуб­ликаның он облысынан келген 24 жас орындаушы екі күн бойы Әсет­тің әсем әндерін әуелетті.

    Байқаудың қазылар алқасы­ның құрамында кезінде Әсет Көп­бай­ұлымен ұдайы шығармашылық байланыста болған Кеңес Дүйсе­кеев, Нұрғали Нүсіпжан және Серік Тұрғынбекұлы секілді өнер мен поэзия саңлақтары болуы да жазылмаған заңдылықтай көрі­неді.

    Айталық, халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөлене білген Әсеттей кең тынысты талант иесі­нің ішкі жан дүниесін, оған тән вокалдық музыка иірімдерін Ке­ңестей белгілі композитор терең түсіне алады десек, ұзақ жылдар бойы Әсет әндерін орындап, оны тыңдармандардың құлағына бояуын бұзбай жеткізіп келе жатқан Нұрғали Нүсіпжанның орны да бөлек екені анық. Соны­мен бірге Ә.Бейсеуовтің көптеген әндеріне сөз жазған Серік Тұр­ғын­­бекұлындай ақынның қазылар алқасының құрамында болуы да, сөз жоқ, әділ шешім.

    Байқаудың ашылу рәсімі ке­зінде Кеңес Дүйсекеев: Қазақ ән өнерінде Әсет Бейсеуовтің өз ор­ны бар. Ол жүрегі, табиғаты таза жан еді. Таза өнерді де тек осын­дай табиғаты таза адамдар жасай алады десе, Нұрғали Нүсіпжан бұл ойды одан әрі тереңдете түсіп: Қарапайым да ақкөңіл, көңілі дала­дай дархан, сәбидей пәк Әсекең өзінің елу сегіз жылдық қысқа ғұмы­рында ешкімнің ала жібін аттамай өтті. Әсет бізге терең патриотизм, шексіз махаббатқа, сыршыл сезім күйіне толы әндерін аманат етіп тастап кетті. Біз осы аманатқа қия­нат жасамауға тиіспіз. Бәйгенің аты — бәйге, байқаудың аты — байқау. Сон­дықтан оған қатысқандардың бәрі жүлдегер, жеңімпаз бола бермейді. Алайда, мұндай байқауға қатысудың өзін жеңіс деп біліңіздер, деп ой түйді.

    Әсет Бейсеуов әндерін орын­даушылардың І республикалық “Ар­мандастар” ән байқауы нақ Ақ­жайық топырағында өтуінің астары­нан жаңсақ сыр іздеудің қажеті жоқ шығар. Шын мәнінде нағыз, хас таланттың өзі де, өнердегі жолы да бүкіл елге, халыққа ортақ.  Ол ай­мақ­тық немесе өңірлік меншіктеуге келмейді. Оның үстіне Алатаудың етегінде туып-өскен Әсет Көпбай­ұлының жүрегіне бүкіл Қазақстан сыйып кететін еді. Ол республика­ның қай түкпіріне барса да, ондағы ел-жұртқа өз перзентіндей еркелеп барушы еді, деген-ді оның өнердегі рухани досы Нұрғали аға.

    Сол айтқандай, ол көзі тірісінде Ақжайық өңірінен де өзіне рухани тірек бола алатын достар тапқаны өз алдына бір бөлек әңгіме. Әсет Бей­сеуовтің Орал өңіріндегі осындай жан досы, қазақ өнерінің жанашыры елге сыйлы, беделі биік азамат, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әділғазы Нұрғалиев десек, сірә да қателеспейміз.

    Жалпы, Әсекең тек Жайық өңіріне қатысты жиырмаға тарта ән шығарыпты. Сондай шоқтығы биік әндерінің бірі “Ағаларымды” бүгінде ағайындарымыздың қай-қайсысы да сүйсіне шырқайды. Өмірдің гүлі, сұлулық символы саналатын ақы­лына көркі, сөзіне ісі сай қыз-келін­шектер шынайы өнер иесінің шабы­тына шабыт қоса алатынын жасы­рып қайтеміз. Бұл тұрғыда компо­зитордың Жайық аруларына арнаған әндерінің өзі тұтас бір дүние дерлік­тей. Олардың арасында “Аққу қыз­дар”, “Жайық қызы Марфуға”, “Мағрипа”, “Гүлдария”, “Гүлсара” атты көпші­лікке кең тараған әндері бар.

    Иә, Жайықтың жағасында екі күнге созылған ән мерекесі Әсет Бейсеуов өмірден озған соңғы он жылдың ішінде атқарылған көрнекті шаралардың бірі десек, қателеспей­тін шығармыз. Енді ән байқауы не­сімен ерекшеленді дегенге ке­лейік.

     Бүгінде жас ұрпақты ел мен жерді, туған топырақты сүюге тәрбиелеу, оған деген құрмет сезімдерін орнықтыру, олардың бойындағы отаншылдық сезімнің шоғын үрлеу бұрынғы қай кездегіден де қажеттірек. Осы орайда елдің рухын биіктетуге ықпал жасай алатын Әсеттің әсем әндерінің орны бөлек. Байқаудың бірінші ұтымды тұсы дәл осында екені талассыз.

    Екіншіден, байқау бүгінгі жастар мен студенттер арасында Әсет Бейсеуовтей қайталанбас, кесек талант есімінің қайтадан жаңғыруына жол аша алғанын байқадық. Ең бастысы, Әсет ән­дерін арқау еткен республикалық байқау жас орындаушылардың кәсіби деңгейін өсіруге септігін тигізіп, жас таланттардың тұсауын кесті. Қазақ әнінің құдіретіне бас иетін жаңа есімдерді өмірге келтірді.

    Иә, Әсеттің әсем әндері бү­гінгі ұрпақ үнімен бірге қазақ еліне қызмет ете берері күмәнсіз

    Егемен Қазақстан 2010 жыл, 12 наурыз

    http://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=2754 сайтынан алынды

    Категория: Мои статьи | Добавил: Nagimah (02.22.2015)
    Просмотров: 1163 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz