Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Тараудың санаты
Мои статьи [17]
Сайтқа кіру
Іздеу
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 4:33 PM
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Бүгін Әсет Бейсеуовтың-75 жылдығы

    Бүгін Әсет Бейсеуовтың - 75 жылдығы   

        Бүгін — композитор, Қазақстанның халық артисі Әсет Көпбайұлы Бейсеуовтің 75 жылдығы. Әсет Көпбайұлы 1938 жылы 13-қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарталы ауылында дүниеге келіп, 1996 жылы наурыз айында дүниеден озды. 
    Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттык консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960). 1961 — 64 жылдары Текелі қаласының музыка меқтебінде мұғалім, 1964-66 жылдары Мәдениет үйінде қызметкер, 1966 — 67 жылдары Есік музыка мектебінде мұғалім, 1967 — 68 жылдары Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекші болды. 1969- 74 жылдары «Гүлдер» ансамблінде, 1974 — 80 жылдары Қуыршақ театрында қызмет істеді.
    Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), қинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні», т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.

    http://qaznews.kz/bugin-aset-bejseuovtin-75-zhyldygy.html

    Qaznews.kz

    Категория: Мои статьи | Добавил: Nagimah (02.22.2015)
    Просмотров: 925 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz