Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Тараудың санаты
Мои статьи [17]
Сайтқа кіру
Іздеу
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 4:29 PM
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Әсеттің әні әуелеп

                                            Әсеттің әні әуелеп

         Кездесуде сөз тізгінін алдымен Қазақстанның халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыңжасар Мыңғытаев алды.

       -Жазмыштың дәргейі бойынша Әсет екеуміз 1957 жылы кездестік ,- деді ол. Консерваторияның композиторлық факультетіне құжат тапсырып, жүрген талапкерміз. Адамды жатырқап,алаламайтын бір әдемі жігіт ә дегеннен үйіре жөнелді. Арғы көңілі де сондай адал,ақжарқын екені көрініп тұр.Танысып үлгермей жатып-ақ : «Мыңжасар сенің қарның ашып тұрған жоқ па?» - дейді қайран Әсет. Қайбір жетісіп тұрған заман.Түлкіқұрсақ кезіміз.Шынымды айттым. «Жүр онда,екеуміз мен жатқан интернаттың асханасына барайық. Олар мектепті бітіріп кеткенімді әлі білмейді, тамақтанып алайық»-деп жетелей жөнелді. Ілестім. Аспаз екеумізге ауқатты үйіп-төгіп салып берді.Біреу бас салып ұстап алып, өтірігіміз шығып қалатындай қуыстанып, табақтағыны апыл-ғұпыл аш құрсаққа жөнелттік. Сол күні қауышқан құшағымыз қысқа фәниге Әсеттің өзі қош айтқанға дейін жазылған емес.

         Адамның жады өте ұмытшақ .Тіпті інжу-маржан деген дүниенің өзін үнемі қайталап, жаңғыртып отырмаса болмайды. Ал Әсеттің іздеушісі бар, елі-жұрты бар , әндерін сүйіп айтатын ,тыңдайтын қазақ деген қасиетті ұлты бар. Бақытты десек жарасады.Енді сол бақытты баянды ете білу осында отырған бәріміздің достық,ағайындық, перзенттік,тіпті ұлттық парызымыз,- деді Мыңжасар аға.

            -Әркімнің өзіне тиесілі тағдыры әуелден жазылады-ау деймін.Мен Оңтүстік Қазақстанның Отырар ауданында Жамбыл атындағы мектепте оқыдым.Төртінші сыныпта Сүйінбай бабамыздың өлеңін жаттадым.Өмір жолында шапағаты тиген ағаларым - Әнуарбек Дүйсенбиев,Оспанхан Әубәкіров,Орысбай Әбділдаев,Төлеген Қошамқұловтардың бәрі осы Жамбыл ауданының жігіттері болып шықты.

             Әсет аға мені Томпаңбай дейтін.Тұңғыш қызыма Оспанхан ағам екеуі Сағыныш деп ат қойғаны, Алматының төрт бұрышындағы төрт үйінің төрінде төредей күтіп, ас тұзын алдым тартқан күндері, сірә, ұмытылар ма. Табиғатынан талантты жаратылған Әсет ағамыз тамақты анау деген ресторанның аспазынан пісіретін.  Қай жағынан алғанда да дарынды еді.

            Қазір Қазақ радиосының алтын қорында 322 әні сақтаулы. Негізінде мыңнан астам туындысы бар. Соның бәрі халықтың игілігі. Ел аман болса, мәңгілік жасай береді,-деп түйіндеді Қазақ радиосының бас редакторының орынбасары, саңлақ сатирик Көпен Әмірбеков.

            Иә, кездесуде Әсеттің өмірі мен шығармашылығы туралы тебірене сөз қозғағандар көп болды. Қазақтың  Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің оқытушысы, телевидение ардагері Жаңабек Тоқпанов, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Жұмабек Шажабаев, жазушы-журналист Қарабай Әбуов.

                  Композитордың  туған күніне орай өткізілген еске алу шарасының ең басты өрнегі «Ән  Әсет» атты деректі фильм еді. Оның авторы әрі түсіруші режиссері, шығармашылығы жан-жақты шыңдалып келе жатқан өнерпаз Талап Қараш Әсеттің көзін көрген жандар мен  орындаушылар арқылы өнер тұлғасының рухын көрмегендер көңілінде жаңғыртуға ұмтылыпты.

             Өнер саңлақтары Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова жақсының жарқын тұлғасы, жасампаз әндері туралы жүрекжарды лебіздерін білдіреді. Еңбек ЕРі Күлдара Тоқсейітова, жан досы Әбдімомын, Әсеттанушы Қарабай, жас әнші Ләззат Жанаманова, «Алтыным» әнінің ажарласы Алтын Әліпбаева, басқа да ауылдас ағайын ардақты Әсетін елжірей еске алады.

           Осы шараны ойдағыдай ұйымдастыруға жан-жақты үлес қосқан Әсеттің сыныптас досы Әбдімомын Мәткерімов. Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің ардагер ұстазы, композитор мұражайының шырақшысы Тұрсынбек Ешенқұлов, осы мектептің бұрынғы мұғалімі Виктор Никитин, Әсеттің ұлы  Данияр Бейсеуов, жазушы Мұхаметжан  Абдрахманов пен халық театрының бұрынғы режиссері, мәдениет саласының ардагері Қанағат Қарашевтің  Әсет туралы толғаған естеліктері ол туралы жазылған, айтылған деректердің көкжиегін және кеңейте түсті.

           Композитордың туған күніне орай өткізілген еске алу шарасының ең басты өрнегі «Ән Әсет» атты деректі фильм еді. Оның авторы әрі түсіруші режиссері, шығармашылығы жан-жақты шыңдалып келе жатқан өнерпаз Талап Қараш Әсеттің көзін көрген жандар мен әнін орындаушылар арқылы өнер тұлғасының рухын көрермендер көңілінде жаңғыртуға ұмтылыпты. Бұл бейнетуындыны әзірлеуге «Элита Видео» студиясының директоры Қанат Ержігітовтың риясыз ат салысқанына жұртшылық ризашылық білдірді.

              Әсет туралы түсірілген тұңғыш деректі фильмнің ұзақтығы небәрі 22минут. Көрген адамды жалықтырмайтын жинақы дүние.Өнер саңлақтары Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова жақсының жарқын тұлғасы ,жасампаз әндері туралы жүрекжарды лебіздерін білдіреді.Еңбек Ері Күлдария Тоқсейітова,жан досы Әбдімомын ,әсеттанушы Қарабай,жас әнші Ләззат Жанаманова, «Алтыным» әнінің ажарласы Алтын Әліпбаева ,басқа да ауылдас ағайын ардақты Әсетін елжірей еске алады.Сахна шеберлерінің орындауында бірнеше әндері шырқалады.Кадрдың қағаберісінде ақын, халықарлық «Алаш» сыйлығының лауреаты ,марқұм Қанипа Бұғыбаеваның Әсетке арнаған толғауын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі , Қазақ радиосының ардагері Сауық Жақанова нәшіне келтіре оқиды. Шағын, шынайы, шымыр дүние. Ең бастысы, Әсеттің ұлылығын ашуға жасалған алғашқы ұмтылыс. Сонысымен құнды. Фильм аяқтала салысымен Талапқа көрермен көпшілік қолдау білдіріп,  қол шапалақтады, алғыс айтты.  Осы қуанышы ұзағынан сүйіндірсін дейміз.

          «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ұлы халқымыз. Ән әлемінде өзіндік ырғақ әкелген Әсеттің есімін еншіленген Қазақстандағы жалғыз мектептің бүгінгі директоры Нұржахан Арғымбаева, оның орынбасарлары мен барлық ұстаздары, шәкірттері бұл күні сүйер ұлының рухына қалтқысыз қызмет көрсетті. Нұр жаусын оларға!

          Сөйтіп, Қарғалы ән - Әсетін есіне алды. Бұл ауылдан түлеп шыққан жастардың бір қауымы бүгінде Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің шәкірті саналады, Әсет Бейсеуовтің атымен аталатын орталық көше ауылдың ең басты күретамыры іспеттес, күндіз-түні тынымсыз бүлкілдейді. Ең бастысы, арынды Қарғалы өзені мәңгі алға ұмтылып аға бермек. Қарғалы ағып, қазақ аман болса, Әсеттің әндері де ешқашан ұмытылмақ емес.

    Рәтбек Терлікбаев «Жетісу» 20.10.09

    Категория: Мои статьи | Добавил: Nagimah (02.22.2015)
    Просмотров: 1110 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz