Сазгер Әсет Көпбайұлы Бейсеуов жайлы сайт
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазбалар мұрағаты
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
Сайттың достары
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистикалық мәлі

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Воскресенье, 05.19.2024, 4:05 PM
    Главная » 2015 » Февраль » 16 » Әсет Бейсеуов өмірбаяны
    5:09 PM
    Әсет Бейсеуов өмірбаяны

                    Қазақтың ән сұңқары           

                                          

     

        Әсет Бейсеуов 1938 жылы 13 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Әлімқұл. Әсет өмірге келгенде әкесі Көппайдың қуанышында шек болмады.Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармай,Көппай Ұлы Отан соғысына аттанады.Соғыста жаумен шайқасып жүріп мерт болады.Көппай мәңгілікке кеткен соң, Әсеттің анасы Рахима Павлодарға төркін жұртына кетіп, Әсетті Көппайдың ағасы Қожамқұл алып қалады. Сөйтіп солбір сұрапыл, зобалаң жылдардаң Әсеттің әкесіз, анасыз күндері басталады. Өмірдің сан тарау соқпағымен жүріп өткен Әсет жастайынн әнге құмар болып өседі. Қарғалыдағы жеті жылдық мектепте оқып,1951 жылы Алматыдағы №12 мектеп интернатқа ауысады.Интернатта ұстазы Ибрагим Нүсіпбаевтың қарауында болып, сол кісінің кеңесімен ән- хор үйірмесіне қатысып, 1956 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға түседі.9-шы сыныпта оқып жүргенде-ақ алғашқы әні «Алмалы Алматым» дүниеде келген.Мұнан кейін де өнер жолында жүрген Әсет Көппайұлының талай әндері бірінен соң бірі жарыққа шыға берді. Әсет Бейсеуов алғашқы еңбек жолын Текелідегі музыка мектебінен бастады.Кейін Жамбыл ауданында тұнғыш ашылған музыка мектебінің директорлығына бекітіліп, кейін мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. Үңгіртас мектеп-интернатында ән-хор үйірмесін басқарып, талай рет көгілдір экраннан шәкірттерінің ән салғаны-аудан өміріндегі ірі мәдени жаңалықтың бірі болатын. Әсет шығармашылығының тақырыбы сан алуан. Ел арасында кең тараған «Алтыным», «Гүлдер», «Ақ гүлім», «Сырласу вальсі», «Шақырады көктем» әндері махаббаттың нәзік пернесін дәл басса, жастарды туған жерін, өз Отанын сүюге баулитын «Қызыл сұңқарлар», «Солдат сағынышы», «Соғыстан соңғы ән», «Қазақстан Гүлстан», «Қарғалым», «Аралым-ожданым», «Ғарышқа ұшты қазағым» сынды әдемі әндерін халық әртістері Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Бағлановадан бастап қазіргі жас әншілерге дейін шебер орындап,ел құрметіне бөленіп жүргені анық.Балаларға арнап жазған «Бөбегім», «Ақ мамам», «Күшігім», «Томпмғым», сынды әндері де өз қалауын тапты. 1971 жылы Әсет Бейсеуов өзінің «Гүлдер» ән жинағы үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Атақты «Гүлдер» ансамбілінің аты да Әсет ағамыздың осы «Гүлдер» әнімен аталған.Жамбыл ауданындағы «Құлан саз» ансамбілінде көркемдік жетекші болып оны республикаға,шетедерге танылуына зор үлес қосқанын білеміз. Өнердегі көп жылғы еңбегі еленіп 1993 жылы Қазақыстанның халық әртісі атағы берілді. Әсет Бейсеуов – тынысы кең сазгер еді. Әннен бастау алып, кинофильмдер мен драмалық шығармаларға музыка жазып,операға кең құлаш сермеді. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қойлған С. Шаймерденовтың «Дөкей келе жатыр»,Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың «Апа,апатай»,С.Бағлабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда»,Ш.Құмарованың «Кімнің тойы»,А.Шакеновтың «Сен жалғыз емессің» спектакльдеріне жазған музыкасы жұрт көңілінен шығып,зор абыройға ие болды.Ал көркем фильмдер мен мультифильмдерге жазған музыкалары да картинаның мазмұнын ашып, кейпкерлердің сан қырлы әрекетіне демеу болғаны белгілі. Қазақ өнеріне тыңнан жол салып, эстраданың ән жанрын қалыптастырған Әсет Бейсеуов 1996жылы өмірден өтті. 1999 жылы Қарғалыдағы №3 мектепке Әсет Бейсеуов есімі берілді. 1999 жылы мектеп ішінен Әсет Бейсеуов мұражайы ашылды. Мұражайға қажетті дүниелерді жинақтауда белгілі әнші, Қазақыстанның халық әртісі Нұрғали Нұсіпжанов пен Әсеттің ұлы Данияр көп көмек көрсетті. Нұрқали Нұсіпжанов пен Заманбек Нұрқаділовтың қолдап көмек беруімен Әсеттің «500әні» жарық көрді. Әсет мұрағатында зеріттеуді қажет ететін көп дүниелер бар.Бүгін міне Әсет Бейсеуовке 70 жыл толып отыр. Тірі болғанда өзі бірге тойлаған болар еді. біз Әсет аға ұрпақтары – оның туылған кунін жыл сайын атап өтуге – марқұмның әруағы алдында борыштамыз.

    Просмотров: 5663 | Добавил: Nagimah | Рейтинг: 1.0/1
    Всего комментариев: 0
    avatar

    Copyright MyCorp © 2024Бесплатный конструктор сайтов - uCoz